4 Қаңтар 2020 2020, 09:40
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша, 4 қаңтар күні Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша, 4 қаңтар күні Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды.
"Қазгидромет" мәліметіне сүйенсек, ауа сапасының ластануы Өскемен және Қарағанды (түнде) қалаларында күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.