Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 мамыр күні Шымкент пен Балқашта жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

2020 жылдың 21 мамырында Шымкент пен Балқашта жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, – делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы