21 Мамыр 2020 2020, 08:49
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 мамыр күні Шымкент пен Балқашта жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 мамыр күні Шымкент пен Балқашта жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
2020 жылдың 21 мамырында Шымкент пен Балқашта жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.