Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ысып, жауын жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосферлық ағындардың өтуіне байланысты 10 маусым күні еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, күн күркірейді және жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Елдің тек солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашын болмайды.
«Қазгидромет» РМК-дан хабарлағандай, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жеріне түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, Павлодар облысында желдің жылдамдығы 18 м/с-қа жетеді.
Алматы, Қостанай облыстарында, түнде Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерінде дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде күндіз аптап ыстық болады.
Қызылорда облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында өрт тұтану қаупі сақталады.