Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары атмосфералық қысым мен оңтүстіктен келетін құрғақ циклонның ықпалынан Қазақстанның басым бөлігінде 10 тамыз күні күн ашық болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады.
Синоптиктер хабарлағандай, 10 тамыз күні елдің тек солтүстігі, шығысы, оңтүстік-шығысы мен батысы ғана Мәскеуден келетін циклонның ықпалында болады. Соның салдарынан жауын жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және солтүстік-шығыста жел күшейіп, түнде тұман түсіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.Алматы, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді. Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, дауыл тұруы да мүмкін.
Павлодар облысының кей жерінде түнде тұман түседі.
Күндіз Алматы, Атырау облыстарында және Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде және Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы