Бүгін еліміздің 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қаңтар күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде ауа сапасы қалыпты болады.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметтеріне қарағанда, Қарағанды, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Петропавл, Семей, Өскемен және Шымкент қалаларында ауаның ластануы байқалады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы