Бүгін елімізде күн ашық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары 28 наурызда Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын болжады.
Республиканың басым бөлігінде күн ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан территориясының шығыс жартысында атмосфералық фронттарға байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауады.Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Шығыста кей жерлерде көктайғақ болады.
Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел қарқыны – 15-20 м/с.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің 5 қалаcында ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы