Бүгін Біріккен Араб Әмірліктерінен 128 қазақстандық елге оралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Талдықорған əуежайы бортында БАƏ-ден елге оралатын 128 қазақстандық азамат бар ұшақты қабылдайды, деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі. 

Шарджа – Талдықорған бағытындағы авиақатынасты   еліміздің авиакомпанияларының бірі жүзеге асырады. Облыс орталығының əуежайы күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдауда. Əуе қатынасының қызметкерлері обаға қарсы костюмдермен қамтамасыз етіледі. Жолаушылардың барлығы бортта бірден санитарлық дəрігерлердің тыңғылықты тексеруінен өтеді, олардың дене қызулары тепловизорлармен өлшенеді.

Келген жолаушылармен неғұрлым аз байланыс жасауды қамтамасыз ететін алгоритм дайындалды. Облыс əкімінің тапсырмасына сəйкес əуежай қызметкерлерінің, санитарлық  дəрігерлердің жəне осы операцияға тартылған басқа да азаматтардың əрекеттерінің əр қадамы хатталып,  ерекше бақыланатын болады. Отанына оралған қазақстандықтар автобустарға отырғызылып, карантинге жатқызылатын орынға жеткізіледі. Олардың бəрі коронавирус инфекциясына анализ тапсырады. Жолаушылардың барлық жүгі мен жеке заттары дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Келген азаматтардың карантиндік режимді сақтауын құқық қорғау органдары бақылайтын болады, - деп хабарлады облыс əкімінің баспасөз қызметі. 

Бұлар сол жақта тұрып, жұмыс істеген немесе түрлі жағдайларға байланысты сол жақта қалып қойған Қазақстан азаматтары. Карантин уақыты біткеннен кейін жолаушылар тұрғылықты жерлеріне жөнелтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы