Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер мамырдың 23 күнгі метеорологиялық жағдайға қатысты мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

2020 жылдың 23 мамырында Шымкент қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, – делінген хабарламада. 

Республиканың өзге аймақтарында ауа сапасы қалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы