Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Астана, BAQ.KZ. Атмосфералық фронтар бөлігінің өтуіне байланысты, Қазақстанның басым облысында тұрақсыз ауа райы  сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек республиканың оңтүстік-шығысында  жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Шығыс Қаазақстан облысының Жарма ауданында желдің  екпіні 25 м/с болады. 

Түнде және таңертең Алматы  облысының  кей жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22, екпіні 25 м/с болуы күтіледі. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, Павлодар облысының кей жерерінде желдің 15-20 м/с күшеюі, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.  

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Жамбыл  облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы