Бүгін Қазақстан қалаларындағы метеожағдай қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қазан, сенбі күні ел астанасынан өзге қалаларда метеожағдай қалыпты болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Бүгін еліміздің бір қаласында – Нұр-Сұлтанда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы