Бүгін қар, бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың басым бөлігінде суық атмосфералық бөліктердің өтуімен жауын-шашын сақталады. Солтүстікте және шығыста кей жерде жаңбыр және қар түрінде қатты жауын-шашын, жел күшейеді, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарында тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерінде жел 15 м/с күшейеді.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы