Бүгін Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

2020 жылдың 2 шілдесінде Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, – делінген хабарламада.
Қазақстанның өзге шаһарларында метеожағдай қалыпта болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы