Бүгін Ақтөбеде ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 шілде күні еліміздің бірқатар қаласында метеожағдай қалыпты болады. Тек Ақтөбеде ғана қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Өзге шаһарларда метеоахуал бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы