Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Астана, BAQ.KZ. Жексенбі, 24 ақпан күні еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Ақтау, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған және Шымкентте жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қазақстанның өзге қалаларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы