Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі, 21 наурыз күні 3 қалада жағымсыз метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп болжайды синоптиктер.

 
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, ауа сапасы Балқаш, Теміртау және Шымкентте қалаларында нашарлайды. Қалған шаһарларда метеожағдай нормада болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы