Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы 22 маусым күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай екі қалада – Қарағанды және Шымкентте болады. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы