БҰҰ басшысы: Сovid-19 пандемиясы террористік әрекеттің күшеюіне әкелуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық пандемия – бұл денсаулық сақтау саласындағы ғана емес, сонымен бірге халықаралық қауіпсіздік саласындағы дағдарыс.
Ол әлеуметтік тұрақтылықтың негізін бұзады, қақтығыстарды күшейтіп, террористер мен экстремистердің белсенділігін арттыруы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш Акаба процесі аясында өткен онлайн кездесуде мәлімдеді, деп хабарлады news.un.org.Әлем қазір өте тұрақсыз және жарылғыш фазадан өтіп жатыр – апаттық сигнал шамдары қосылды. Жеткізу тізбегіндегі іркілістер, протекционизм және ұлтшылдық халықаралық қатынастардағы шиеленіске алып келеді. Жұмыссыздықтың өсуі, аштық және климаттық дағдарыстың салдары саяси тұрақсыздық пен тәртіпсіздікке әкелуі мүмкін, - деді ол.БҰҰ басшысы карантин кезінде көптеген мектеп пен университеттің жабылғанын және қашықтан оқуға мүмкіндігі болмағандықтан, жүз миллиондаған бала мен жасөспірімнің оқуын жалғастыра алмағандығын еске салды. Оның айтуынша, жастар өз өмірі үшін екінші жаһандық рецессияны бастан кешуде, олар саясаткерлер мен әлемдік көшбасшыларға наразы және болашаққа деген сенімін жоғалтқан жастардың жағдайын пайдаланған экстремистер оларды өз қатарына тартуда.
Гутерриш сонымен бірге кездесуге қатысушылардың назарын пандемия мен әлеуметтік наразылықтар аясында қоғамның одан әрі поляризациясына әкелетін неонацизм, нәсілшілдік және ксенофобияның өсуіне аударды. Ол әлем қазір «бірлік пен ынтымақты» көрсетуі керек екенін атап өтті.
Ұйым басшысы «пандемиядан кейін қалпына келтіру көпжақты тәсіл негізінде жүргізілуі керек» деді. Әлем елдері ақпарат, тәжірибе және техникалық біліммен алмасуы керек, олай болмаған жағдайда, террористер қазіргі дағдарысты өз мүдделері үшін пайдаланады.
Гутерриш сонымен бірге терроризм құрбандарын ұмытпауға шақырды.
COVID-19 жұқтыру қаупі Сирия мен Ирактағы босқындар лагерлерінде қалыптасқан қиын жағдайды одан сайын ушықтырады. Бізге жүктелген жауапкершілік туралы ұмытпауымыз керек. Біз босқын балаларды тағдырдың тәлкегіне қалдыра алмаймыз, әйтпесе олар террористер қанауының құрбаны болады, - деді бас хатшы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетім балалардың қажеттілігі қандай?
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы