БҰҰ бас хатшысы пандемияны «бақылау қиындағанын» ескертті
Нұр-Сұлтан, BAQ. Коронавирус пандемиясын бақылау қиындап барады, вакцина өздігінен дағдарысты жоя алмайды. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
COVID-19 пандемиясы - біздің өміріздегі болған дағдарыстарға ұқсамайды және Бас ассамблеяның осы жылғы сессиялары бұрын өткен бірде-біріне ұқсамайды, - деді ол баспасөз конференциясында.
Гутерреш жақында коронавирус салдарынан қайтыс болғандар санының миллионнан асатынын атап өтті.
Жаппай жұқтырғандарды бақылау қиындап кетті. Вирус - қазіргі заманда жаһандық қауіпсіздік үшін нөмірі бірінші қауіп, - деп келтірді РИА Новости бас хатшының сөзін.
Ол көбі вакцинаға үміт артқанын, алайда пандемияға панацея жоқ екенін айтты.
Бір вакцина бұл дағдарысты жоя алмайды. Әсіресе жақын арада мүмкін емес, - деді Гутерреш.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 188 адам коронавирустан емделіп шықты
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы