БҰҰ Бас хатшысы биылғы жылдың басты міндеттерін атады
Астана, BAQ.KZ. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Бас Ассамблеяда сөз сөйлеп, ұйымның биылғы басты міндеттерін атап өтті. Оның айтуынша, алда жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бейбітшілік, қарусыздану, тұрақты даму, климаттың өзгеруімен күрес және гендерлік саясатта ынтымақтастық маңызды, деп мәлімдеді «Хабар24».
«Қазір климаттың өзгеруінен туындаған қауіп күшейіп барады. Сондықтан әлем елдері Париж келісімшартын орындауға күш салуы керек», - дейді Бас хатшы.
Оның айтуынша, ғалымдар климаттың өзгеруінен мұхит беті 5 жыл бұрынғы болжамға қарағанда, 40 пайызға тез жылынатынын анықтаған.
«Мен қыркүйектің 23-і күні климаттың өзгеруіне байланысты саммит өткізуді жоспарлап отырмын. Мақсат – саяси көшбасшылар мен азаматтық қоғамды осы мәселені шешуге жұмылдыру. Біз климаттың өзгеруі, оған бейімделу және осы мәселемен күресті қаржыландыруда әрекет етуіміз керек. Мен әлем көшбасшыларын мәселенің ауқымдылығына сай шаралар қабылдауға шақырамын», деді БҰҰ Бас хатшысы, Антониу Гутерриш.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да 400-ден астам жолаушы құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы