БҰҰ қашықтан жұмыс істеу режимін ұзартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 пандемиясы салдарынан режим  сәуір айының соңына дейін белгіленген болатын, деп жазады korrespondent.net.

БҰҰ Хатшылығының қызметкерлері 16 наурыздан бастап қашықтан жұмы істеп жатыр. Бұған дейін бұл шара сәуір айының соңына дейін белгіленген болатын.

COVID-19 коронавирустық пандемияға байланысты БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Нью-Йорк штаты билігінің ізін ала, хатшылықтың жұмысын мамырдың аяғына дейін ұзартты. Бұл туралы бүгін "Интерфакс" Гутерриштің БҰҰ қызметкерлеріне жіберген хатына сілтеме жасап хабарлады.
Кеше Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо "Нью-Йоркте үзіліс" режиміндегі өндіріс орындарының қызметін шектеу мен жабу шарасы 2020 жылдың 15 мамырына дейін созылатындығын мәлімдеді. Жоғары басшылықпен және медициналық қызметкерлермен кеңесе  келе, мен БҰҰ штаб-пәтерінде телекоммуникациялық технологияларды қолдану туралы қолданыстағы ережені 2020 жылдың 31 мамырына дейін ұзартуға қатысты шешім қабылдадым, - делінген Гутерриштің хатында.

Ол "БҰҰ бұл шараларды қайта қарауды жалғастырады, өйткені одан әрі тағы  ұзарту қажет болуы мүмкін", деп атап өтті. Соңғы мәліметтер бойынша, БҰҰ-ның 189 қызметкері коронавирус жұқтырып, үшеуі қайтыс болған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы