Азық-түліктің бағасы әжептәуір арзандауы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларының бағасын 45%-ға арзандатуға болатынын айтты. Бұл туралы "Атамекен" сайты хабарлады.
Тұтас әрі тиімді сауда-логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін ұлттық тауар өткізу жүйесі құрылып жатыр. Ол фермерлерді, сатып алушыларды, көлік қызметкерлерін, делдалдар мен ритейлерді бірыңғай кластерге біріктіреді. Яғни, техникалық әрі ақпараттық тұрғыдан қамтиды, - деді Бақыт Сұлтанов.
Министрдің мәлімдеуінше, бірыңғай цифрлық жүйеге біріктірілген 24 көтерме-үлестіру орталығы өнімді жеткізу тізбегін оңтайландырады. Осылайша, өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықта өнімді жеткізу, сақтау, үлестіру мәселесі шешіледі.
Тауардың бүліну қаупін төмендету шаралары фермерлерге өнімділікті арттыру үшін қосымша инвестиция бөлуге жол ашады. Ал тұтынушы сапалы әрі қауіпсіз өнімді алады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын 45%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік туады. Тұтынушылар жылына 60 миллиард теңге қаражат үнемдеуге қол жеткізеді. Ұлттық тауар өткізу жүйесі баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, маусымдық тапшылықты жоюға ықпал етеді, – деді Бақыт Сұлтанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысынан қола дәуірінің құнды заттары табылды
Өзгелердің жаңалығы