Азық-түлікті көтерме бағамен сататындарға мониторинг жүргізілуде – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін кулуарда Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бағаны 15 пайыздан жоғары бағама ұстаған сауда нысандарына тиісті мониторинг жүргізілуде.

Біз Қаржы министрлігімен және кірістер комитетімен бірлесе отырып, бұл мәселені қолға алдық. Қазір прокоратура мен бақылау органдары базарлар мен дүкендерде тексеру жұмыстарын жүргізуде. Заң бойынша сатушыларға бірқатар талап бар. Кішігірім дүкендердің қосымша қосып отырған құны 15 пайыздан аспауы тиіс. Осындай міндеттерге бақылау жүргізілуде. Әрине, біздің мақсатымыз заңсыз бағаның өсуіне жол бермеу, -деді Сауда және интергарция министрі.

Еске салай кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылғы министрі Ербол Қарашөкеевтің  елімізде қант өндіретін 8 зауыт бар, оның 4-еуі өнім шығаратынын айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы