Азық-түлік тауарларының қоры жасалды – министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі азық-түлік тауарларының қорлары жасалды.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі  хабарлады.

Өңірлер мен Сауда желілері одағының ақпараты бойынша тұрақтандыру қорлары мен сауда объектілерінде қант қорлары шоғырланған, олар 3 ай бойы халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін жеткілікті.

Жеткізушілердің географиясын кеңейту және тәуекелдерді төмендету шеңберінде дайын қант өндіру үшін басқа елдерден шикі қант сатып алу жұмысы жүргізілуде: Қазақстанда 2022 жылғы тамыз айының соңына дейін кедендік баждарды төлемей 250 мың тонна қант әкелу мүмкіндігі бар. 

Қант бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар сауда объектілерінің «айналым схемасын» пайдалануды және тұрақтандыру қорларынан интервенцияларды қоса алғанда, бірқатар шара қабылдайтын болады.

2021 жылы Қазақстанда меншікті қант өндірісі 276,9 млн тонна, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 89-ға жоғары.

ҚР-да қант пен сірнені тұтынудың шамамен 60%-ын (өнеркәсіптік пайдалануды қоса алғанда) импорттық өнім (шикі қант) құрайды. 2021 жылы Қазақстанға басқа елдерден 506,9 млн тонна қант жәну шикі- қанты  импортталды.

Ресей Федерациясынан ҚР-ға 275,8 млн тонна әкелінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7%-ға аз. Бразилиядан – 164,6 млн тонна, Беларусьтен – 35,5 млн тонна, Мексикадан-30,4 млн тонна.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы