18 Ақпан 2025 2025, 19:48 Фото: архив

Азық-түлік бағасы қаншаға қымбаттады?

Қаңтарда Қазақстанның 14 өңірінде инфляция өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Қаңтарда Қазақстанның 14 өңірінде инфляция өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Қаңтарда елде жылдық инфляция жеделдеп, 8,9% болды (2024 жылғы желтоқсанда – 8,6%). Жылдық инфляция 14 өңірде қарқын алып, 6 өңірде өзгеріссіз қалды.

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді. 

Қаңтарда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,8%-ға дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда – 5,5%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Жетісу облысында (7,9%) макисмалды, Түркістан облысында (3,3%) минималды өсім көрсетті, - деп жазды Ұлттық банк.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 8,4%-ға дейін жеделдеді (2024 жылғы желтоқсанда – 8,3%). Максимал мән Түркістан облысында (13,1%), минимал мән Павлодар облысында (5,7%) тіркелді.

Қаңтарда ақылы көрсетілетін қызмет бағасының ж/ж өсу қарқыны 13,8%-ға дейін жеделдеді (2024 жылғы желтоқсанда – 13,3%). Сонымен қатар Астана қаласында (17,8%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Түркістан облысында (9,3%) айтарлықтай төмен өсті, - делінген таратылған ақпаратта.

Бұл ретте, ел бойынша айлық инфляцияның өсу қарқыны қаңтарда 1,1% болды.