Азық-түлік бағасы: Бір аптада не арзандап, не қымбаттады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы апта ішінде 0,2%-ға, ай басынан бастап 0,4%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл басынан бері бағаның өсуі 18,7%-ға өсті. 

Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 18,1% - ға қымбаттаған, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 0,9%-ға жоғары.

Елде өткен аптада төмендегі азық-түлік арзандаған:

пияз-4,6%;

картоп-1,8%%;

ақ қырыққабат-1,7%%;

сәбіз-1,5%.

Бір апта төмендегі азық-түлік қымбаттады:

макарон өнімдері -2,1%;

тұз-1,3%%;

күнбағыс майы-1,3% - ға.

Ел бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесіндегі кейбір тауарлардың орташа бағасы:

макарон өнімдері - 271 теңге/кг;

тауық еті - 1163 теңге/кг;

күнбағыс майы - 844 теңге / л;

тұз - 63 теңге/кг.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay
Өзгелердің жаңалығы