Азық-түлік түрлері үшін мемлекеттік реттеудің қажет екендігі анық – Ерлан Саиров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін жай жатпай, базарға барып, бағалардың динамикасын зерттедім деп жазды Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.

Ол осы тұрғыда екі мәселеге баса назар аудару қажет деп есептейді екен.
Бірінші, маска тағып, санитарлық нормаларды қатал сақтау өте маңызды. Екінші, еліміздегі баға саясатының парадокстары. Мұхиттың арғы жағынан келетін бананмен елімізде өндірілетін сәбіздің бағасы бірдей.
Бананның мұхиттың арғы жағынан келетіні, транспорт шығыны, кеден төлемдері, еліміздегі логистикасын есептегеннің өзінде, елімізде өндірілетін, субсидия берілетін сәбіздің бағасымен бірдей болып тұр.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері үшін мемлекеттік реттеудің қажет екендігі анық.
Мемлекеттік реттеу дегеніміз тауар өндірушілерді тұқырту емес, керісінше, өндірушілерге мемлекеттік субсидия төлеу, транспорт шығындарын реттеу, тауар өндірушілерден орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды реттеу, - деді депутат.

Осы орайда Саиров бағаның артынан қуып жүрмей, келесі жылдың азығын бүгіннен дайындау қажет екеніне назар аударды. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы