Азық-түлік корпорациясы астықты сатып алу бағасын жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы жарияланған астықты сатып алу бағасы 2020 жылғы сатып алу бағасынан 24%-ға жоғары. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰҚ» АҚ форвардтық сатып алу шарттары бойынша астықты қайтаруды қамтамасыз ету үшін келесі бағаларды жариялады:
3-сыныпты бидай (дән маңызының 23%) – 103 000 теңге ҚҚС қосылған;
3-сыныпты бидай (дән маңызының 25%) – 105 000 теңге ҚҚС ҚҚС қосылған;
3-сыныпты бидай (дән маңызының 27%) – 107 000 теңге ҚҚС қосылған;
4-сыныпты бидай - 98 000 теңге ҚҚС қосылған;
5 сыныпты бидай - 90 000 теңге ҚҚС қосылған;
сыныпсыз бидай - 85 000 теңге ҚҚС қосылған;
2 сыныпты арпа - 87 000 теңге ҚҚС қосылған.
Азық-түлік корпорациясы ағымдағы нарық конъюнктурасына сәйкес нарықтық баға белгіледі, бұл ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге қуаңшылық пен өнімділіктің жалпы төмендеуіне байланысты шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.
2021 жылғы жарияланған астықты сатып алу бағасы 2020 жылғы сатып алу бағасынан 24%-ға жоғары. 2021 жылғы астықтың барлық көлемі ішкі нарыққа түпкілікті өнімге бағаны тұрақтандыру мақсатында тіркелген баға бойынша ұн зауыттарына, құс және мал шаруашылықтарына жіберілетін болады, - делінген ведомство хабарламасында.
Форвардтық сатып алу шарттарын орындау туралы қосымша ақпаратты келесі мекен-жайлар бойынша алуға болады:
· Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев көш., 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22;
· Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қ., Бейбітшілік көш., 30, 206 кеңсе, тел. (8-723-2) 25-44-77, 56-06-57;
· Қостанай облысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-39-64, 53-29-12;
· Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизанская көш., 160, тел. (8-715-2) 42-27-24, 42-27-23, 42-26-36.