Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жаңа әдістерді қажет етеді – Сапаров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров «KazAgro/KazFarm» халықаралық аграрлық көрмелердің ашылуында айтты.

Қазіргі пандемия жағдайында әлемде ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс туындай бастады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жаһандық климаттық өзгерістер жаңа әдістерді қажет етеді. Сондықтан Қазақстанның ауыл шаруашылығы кешені мен оның бәсекеге қабілеттігі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып есептеледі. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша саясаттың тиімділігі осы саладағы жаһандық рейтинг те растап отыр, - деді Сапаров.

Ол атағандай, британдық экономикалық журналдың рейтингі бойынша Қазақстан 2020 жылдың нәтижесі бойынша 16-позицияға көтерілді.

Жаңа сын-тегеурінге толы жағдайда агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту үшін техникалық және технологиялық жаңару аса маңызды. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптік саласында қазіргі заманғы тетіктерді пайдаланған өте маңызды. Ол үшін барлық жаңашылдықты білу мен біліктілікті үнемі арттырып отыру керек. Биыл алғаш рет жеке павильондарда отандық бағдарламалық ғылым таныстырылады. Фермерлерге өнімдер мен тәжірибе ұсынылады, - деді ол.

Айта кетейәк, «KazAgro/KazFarm» халықаралық аграрлық көрмесі үш бағытта өтіп жатыр. Шара 3 күнге созылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы