Азық-түлік тауарларының бағасы өсті – Бақыт Сұлтанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 4,4%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
Биыл жыл басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 4,4%-ға өсті.Оның айтуынша, жалпы өсім көрсеткішін 2019 жылдың осы уақытымен салыстырғанда екі есеге төмендеген.
Негізгі өсімді қарақұмық жармасы мен қант, сәбіз бен картоп көрсетті. Басты себебі - егістік аумағының қысқаруы.
Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсімі барлық аймақта байқалады.
Дегенмен тауарлардың көпшілігі бойынша ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылды. Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бес түрінде бағаның төмендеуі байқалуда. Мәселен, қырыққабаттың бағасы 21,4%-ке төмендеді, - дейді Бақыт Сұлтанов.
Аталған өсудің 90%-ті, яғни 4,1 пайыздық пункті, елде төтенше жағдай режимі енгізілген кезеңінде тіркелді.
Бұның негізгі себептері карантиндік шаралармен байланысты азық-түлікке дүрлікпе сұраныс және логистика мен тауар тасымалдаудың өзгергені, маусымаралық кезеңдегі тапшылық болды. Сонымен қатар, биыл мамыр айынан бастап баға өсімі реттеле бастады. Атап айтқанда, бағалар мамырда 0,1%-ға өсті, маусым мен шілдеде өспей, тамызда тіпті -1%-ға төмендеді, - дейді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Машина жасау саласында бірнеше жоба іске қосылмақ
Өзгелердің жаңалығы