Азық-түлік дүкендері, көлік жуу мен дәріханалар ғана жұмыс істейді – Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы қалған мейрамхана бар тағы басқа күнделікті қажет емес мекемелер уақытша жұмысын тоқтатады.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.
Айта кетсек, коронавирус инфекциясының жылдам таралуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында карантин енгізілді. Осыған байланысты қала әкімі мәлімдеме жасап, халыққа түсіндірді.Қаланың сауда-ойын сауық орталықтарында азық-түлік дүкендері, машина жуатын жерлер мен дәріханалар ғана жұмыс істейді. Қалған сауда нүктелерінің барлығы уақытша жұмысын тоқтатады. Қаладағы ірі 12 ойын-сауық орталықтары қазір уақытша жұмыс тоқтату шешімін қабылдады, - деп түсіндінді Көлгінов карантин режиміндегі шектеуді.
Сондай-ақ, Алтай Көлгінов карантин мен комендаттық сағатты шатастырмауды сұрады. Себебі, карантин ол шектеу қою, яғни азаматтар қажет болмаған жағдайда шоғырланған орындарға баруға шектеу қою қажет. Сонымен қатар, Көлгінов медқызметкерлерді қолдауға шақырды.
28 қаңтар мен 16 наурыз аралығында стационарда 752 адам жатты. Қазір ол жерлерде 318 пациент карантинде жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы