Азық-түлік қауіпсіздігін тексеретін арнайы топтар бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" үшін негізгі мәселе бағаны тұрақтандыру болғанымен, аудандық әкімдіктер тарапынан жүргізілетін бақылау жұмыстары да басты назарда. 

Түрлі сауда орындарына барып, тексеру жүргізетін арнайы топтар бар. Бағаның көтерілу фактісі анықталған жағдайда прокуратура қызметкерлері де іске кіріседі. Әр аудан бойынша аудандық прокурор белгіленген. Бұл бағытта жұмыс күнделікті атқарылуда. Тағы бір айта кетерлік мәселе, қала әкімінің қатысуымен күн сайын селекторлық кеңес өткізілуде. Онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі үнемі көтеріледі, - деді "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқармасының төрағасы Асқар Білісбеков бүгінгі брифинг барысында.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесінен бөлек, бизнесті қолдауға бағытталған жоба жасап шықтыққандарын да айтты.
"Дольче Фарм" компаниясына бір реттік, үшқабатты және көміртекті сүзгісі бар маскаларды өндіруге қажетті шикізат алуы үшін жеңілдік займын бөлдік. Олар 75 мыңдай өнімді дәріханалар желісіне (70-тей) күнделікті жеткізіп отыр, - деді ол.
Асқар Білісбеков сонымен қатар, қала тұрғындарын дүрбелеңге жол бермеуге шақырды. 
Төтенше жағдай кезеңі басталғанда бағаның шарықтауы байқалды. Бірақ, біз үнемі байланыстамыз. Барлық сауда орындарына тексеру жүргізі келеміз, кепілдік хаттары бар, өзіміз келіссөздер жүргізудеміз. Қазір Қызылорда  облысымен күріш, Павлодар облысымен картофель  өнімін жеткізу  бойынша келіссөздер жүргіздік. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізуде жақын күндері мәселе туындамайды, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы