23 Желтоқсан 2023, 22:55
Азияда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 28 күнде 388 пайызға өсті – ДДСҰ
Азияда коронавирус жұқтырғандар саны 28 күнде 388%-ға өсті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, осы кезеңде әлемде COVID-19 ауруын жұқтырғандардың жалпы саны 52%-ға (850 мың адам жұқтырған) өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Азияда коронавирус жұқтырғандар саны 28 күнде 388%-ға өсті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, осы кезеңде әлемде COVID-19 ауруын жұқтырғандардың жалпы саны 52%-ға (850 мың адам жұқтырған) өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сонымен бірге әлемде коронавирустан болатын өлім-жітім орта есеппен 8%-ға төмендеген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша төрт апта ішінде әлемде барлығы 854 мың адам инфекция жұқтырып, 3 мыңнан астам адам қайтыс болған.
Бұған дейін Германия канцлері Олаф Шольцтың коронавирус жұқтырғаны хабарланды.
COVID-19 вирусын анықтауға арналған тест екі жолақты көрсетіп тұр. Симптомдар аз болса, ауру жеңіл өтеді деп күтемін, – деді Шольц.
Ресей академигі Геннадий Онищенко бұған дейін жаңа коронавирус пандемиясы болмайды деп мәлімдеді.
- Қызылорда облысында құдыққа түсіп кеткен түйе құтқарылды 16:49
- Тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау: Есіл өзенінің жағалауында профилактикалық рейд өтті 16:18
- Франция құрамасының көпжылдық бас бапкері қызметінен кетеді 15:43
- Измир жағалауында 39 заңсыз мигрант ұсталды 15:19
- Ақмола облысында түн ішінде 2,7 гектардан астам аумақтағы құрғақ шөп өрті сөндірілді 14:51
- Иранның оңтүстік-батысында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болды 14:18
- Оңтүстік Америкадағы Гайана жағалауында 116 адам мінген кеме аударылып қалды 13:48