Азияда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 28 күнде 388 пайызға өсті – ДДСҰ
Азияда коронавирус жұқтырғандар саны 28 күнде 388%-ға өсті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, осы кезеңде әлемде COVID-19 ауруын жұқтырғандардың жалпы саны 52%-ға (850 мың адам жұқтырған) өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сонымен бірге әлемде коронавирустан болатын өлім-жітім орта есеппен 8%-ға төмендеген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша төрт апта ішінде әлемде барлығы 854 мың адам инфекция жұқтырып, 3 мыңнан астам адам қайтыс болған.
Бұған дейін Германия канцлері Олаф Шольцтың коронавирус жұқтырғаны хабарланды.
COVID-19 вирусын анықтауға арналған тест екі жолақты көрсетіп тұр. Симптомдар аз болса, ауру жеңіл өтеді деп күтемін, – деді Шольц.
Ресей академигі Геннадий Онищенко бұған дейін жаңа коронавирус пандемиясы болмайды деп мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы