Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтын жүлде түсті
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спортшымыз 44 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Ал, 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық таеквондошы Буняд Бахрамкулов жартылай финалда иорданиялық Абдалла Шахиннен жеңіліп, қола жүлде алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Алматы – Өскемен" автожолында жарықтандыру жүйесі іске қосылды
Өзгелердің жаңалығы