Азия ойындары: Қазақстанның екі жүзушісі финалға жолдама алды
Ксения Игнатова мен Глеб Коваленя бүгін кешке жүлде үшін таласады.
XX жазғы Азия ойындарында жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары Ксения Игнатова мен Глеб Коваленя финалға жолдама алды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.
Әйелдер арасында 50 метрге шалқалай жүзуде Ксения Игнатова іріктеу кезеңінде 28,37 секунд нәтиже көрсетіп, 7-орынмен финалға шықты. Осы қашықтықта София Абубакирова 15-орын алды.
Ерлер арасында 50 метрге шалқалай жүзуде Александр Румынский 21-орыннан көрінді.
Ал 50 метрге еркін әдіспен жүзуде Глеб Коваленя 9-нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Әділбек Мусин 18-орынға тұрақтады.
Ксения Игнатова мен Глеб Коваленя бүгін кешке жүлде үшін таласады.
XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында 558 спортшы 35 спорт түрінен сынға түсіп жатыр.