30 Қыркүйек 2026, 23:24 Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Азия ойындары: Қазақстандық теннисшілердің үш жұбы ширек финалда

Әйелдер арасындағы жұптық сайыста Анна Данилина мен Юлия Путинцева Таиланд өкілдері Анчиса Чанта мен Пеангтарн Плипуечтен басым түсті.

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қазақстандық теннисшілердің үш жұбы ширек финалға жолдама алды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Аралас жұптық сында Анна Данилина мен Александр Шевченко Өзбекстан өкілдері Севил Юлдашева және Максим Шинді 6:1, 7:5 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.

Әйелдер арасындағы жұптық сайыста Анна Данилина мен Юлия Путинцева Таиланд өкілдері Анчиса Чанта мен Пеангтарн Плипуечтен басым түсті – 5:7, 6:3, 10:6.

Қазақстанның тағы бір жұбы Жібек Құламбаева мен Соня Жиенбаева Жапония өкілдері Шуко Аояма мен Эна Шибахараны 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Ал ерлер арасындағы жұптық сайыста Александр Шевченко мен Тимофей Скатов жарысты жалғастыра алмады. Олар жапониялық Юсуке Кусухара мен Шунсуке Накагавадан екі сетте жеңілді.

Сондай-ақ Жібек Құламбаева мен Бейбіт Жұқаев жұбы Қытай өкілдері Цзян Синьюй мен Чжан Тяньхуэйден жеңіліп, жарысты аяқтады.