Азия ойындары: Қазақстан құрамасы тағы бір күміс медаль жеңіп алды

Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байдарка мен каноэда ескек есуден ерлердің жұптық сайысы финалында бақ сынаған Емельяновтар 1000 метр қашықтықты 3 минут 49.991 секундта бағындырып, мәреге екінші болып келді.

Бұл – спортшыларымыздың Ханчжоудағы құрлықтық додада алған екінші жүлдесі. Кеше Сергей Емельянов Тимур Хайдаровпен бірге Азиада чемпионы атанса, Тимофей Емельянов жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы