Азия ойындары: Қазақстан қоржынына бесінші күміс түсті
Қазақстандық палуан Бекәділ Шаймерденов Азия ойындарында кураштан күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өткен финалдық белдесуде жерлесіміз өзбекстандық Үмид Есановпен кездескен. Шаймерденов барын салды, бірақ қарсыласы айласын асырып кетті.
Осылайша, Қазақстан қоржынына бесінші күміс түсті.
Айта кетері, қазіргі кезде Қазақстан құрамасы командалық есепте 12 орында тұр.
Спортшыларымыз 28 медаль (3 алтын, 5 күміс пен 20 қола) жеңіп алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да 100 орам шөп өртке оранды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы