Азия ойындары: Қазақстан медальдар кестесінде 15-орында тұр

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының медальдар кестесінде қай орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 қыркүйекте дзюдошылар Абылайхан Жұбаназар мен Эсмигүл Куюлова, оқ атушы Никита Чирюкин "қола" медаль алды.

Ал 24 қыркүйекте дзюдодан Абиба Әбужақынова (48 келі) күміс, Мағжан Шамшадин (60 келі) қола жүлдегер атанды.

Екінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 10-орынннан 15-орынға төмен түсті.

Бұл жөнінен көш басында 69 медальмен (39 алтын, 21 күміс, 9 қола) Қытай құрамасы келеді.

Екінші орындағы Оңтүстік Кореяда 33 (10-10-13) медаль болса, үшінші орындағы Жапонияның қоржынында 31 медаль (5-14-12) бар.

Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:

1. Қытай - 39-21-9 (69)
2. Оңтүстік Корея - 10-10-13 (33)
3. Жапония - 5-14-12 (31)
4. Өзбекстан - 4-4-6 (14)
5. Гонконг - 3-4-7 (14)
6. Үндістан - 2-3-6 (11)
7. Тайвань - 2-1-3 (6)
8. Индонезия - 1-1-4 (6)
9. Таиланд - 1-0-2 (3)
10. Макао - 1-0-1 (2)
15. Қазақстан - 0-1-4 (5).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/qaz_olympics
Өзгелердің жаңалығы