Азия ойындары: Отандық дзюдошы қола жүлдеге қол жеткізді
Абылайхан Жұбаназар Азия ойындарында қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дзюдодан 81 келіде өнер көрсеткен Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Мусо Собировтан басым түсті.
Әзірше, Қазақстан дзюдошылары 1 күміс, 3 қола жүлде иеленді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Эсмигүл Күйлова дзюдодан Азиаданың қола медалін жеңіп алды. Сонымен қатар Никита Чирюкин Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында оқ ату жарысынан қола медаліне қол жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алғаш рет педагогтердің кәсіби мерекесі 5 қазанда атап өтіледі
Өзгелердің жаңалығы