Азия ойындары: Ербол Мырзабосынов пен Геннадий Головкин күміс жүлдегерлерді құттықтады

Қысқы Азия ойындары: Ербол Мырзабосынов пен Геннадий Головкин күміс жүлдегерлерді құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Ұлттық Олимпиада комитетінің Президенті Геннадий Головкин Харбиндегі қысқы Азия ойындарында ел қоржынына күміс медаль салған шорт-трек және конькимен жүгіру спортының өкілдерімен кездесіп, жүлделерімен құттықтады.

Бүгін ел қоржынына 3 күміс жүлде салдыңыздар. Еліміздің мәртебесін арттырып, аянбай тер төгіп жатқандарыңызға алғысымды білдіремін. Жарыс жолында тартысты бәсекеге түсіп жатқан барша спортшыларға сәттілік тілеймін. Сіздерді қолдап келген және елімізде тілекші болып отырған қаншама жанкүйер бар. Осы жердегі Олимпиада шыңын бағындырған — Геннадий Головкин мен Ольга Рыпакованың жеткен жетістіктері мен жеңістері сіздерге де жұғысты болсын»,- деді министр.

Айта кетейік, шорт-тректен 2000 метрге аралас эстафетаның финалында Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алса, конькимен жүгіруде Евгений Кошкин (100 м) күміс жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 9,47 секундта жүгіріп өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы