Азия ойындары: Данияр Юлдашев алтынға таласады

Қытайдың Ханчжоу қаласындағы жазғы Азия ойындарында отандасымыз алтынға таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, каратэден 84 келі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2 дүркін Азия чемпионы Данияр Юлдашев 3 қарсыласын жеңіп, алтынға таласуға мүмкіндік алды.

Жарыс жолында жерлесіміз Тиирапат Канабкаевты 6:2, Чун Вей Вуды (Тайпей) 7:4, Мохаммад Алжафариді 4:0 есебімен ұтты.

Енді финалда Малайзия спортшысы Бин Аб Маликпен кездеседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы