Азия кеңесінің толыққанды ұйымға айналу процесі оң нәтижелер беруде
Бұл туралы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысы Қайрат Сарыбайды мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Азия кеңесінің атаулы күніне орай өткізілген іс-шарада Бас хатшы былтыр қазан айында 52 делегация қатысқан Азия кеңесі саммитін еске алды.
Азия кеңесі елдерінің көшбасшылары біздің форумды толыққанды ұйымға айналдыру процесін бастау туралы стратегиялық шешім қабылдады. Егжей-тегжейлі талқылаулардан кейін Азия кеңесі елдерінің Сыртқы істер министрлері біздің алаңды ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығару үшін сегіз кластерді белгілейтін Азия кеңесі трансформациясының жол картасын келіскенін хабарлауға қуаныштымын. Бұл үлкен жолдағы алғашқы қадам ғана. Әрбір кластер бойынша бірқатар маңызды талқылаулар өткізу көзделіп отыр және Азия кеңесі хатшылығы мүше мемлекеттерге осы игі бастамаға жәрдем көрсетуге дайын, - деді Сарыбай.
Қайрат Сарыбайдың айтуына қарағанда, екі апта бұрын Нью-Йорк қаласында министрлердің бейресми отырысы сәтті өтті. Сонымен қатар Кеңеске мүше елдердің министрлері «тұрақты даму үшін еріктілікті ілгерілету туралы» мәлімдеме сонымен бірге Азия кеңесі бас хатшысының келесі орынбасары кім болатынын жөнінде шешім қабылдаған.
Мүше мемлекеттердің осы жылдағы Азия кеңесінің процесіне қызығушылық пен қатысу деңгейіне толық қанағаттанамын. Ең белсенді өзара іс-қимыл экономикалық өлшем және жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер өлшемі аясында, сондай-ақ экология саласында жасалып жатыр. Жалпы алғанда, Азия кеңесінің 21 конференциясы, семинары, шеберлік сағаты және тренингі өткізілді. Келесі аптада АӨСШК Жастар кеңесінің алтыншы отырысы өтеді, ал биылғы жылдың соңында Азия кеңесінің Іскерлік алқасы мен бизнес-форумын өткізу жоспарланып отыр, - деді Азия кеңесінің бас хатшысы.
Еске сала кетсек, биыл тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады. Бүгін Азия кеңесінінің мерекелік іс-шарасында ол Азия кеңесі 31 жылда қандай жетістіктерге қол жеткізгенін айтты.