Азия іріктеу турнирі: Отандық палуан күміс жүлдегер атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Балуан Шолақ спорт кешенінде күрес түрлерінен Азия іріктеу жарысында әйелдер арасында үздіктер анықталды.
Қазақстандық Татьяна Ахметова Аманжол аталған турнирде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Olympic.kz.
Татьяна Ахметова Аманжол 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда жарақатына байланысты күреспеді. Сондықтан жеңіс автоматты түрде оның қарсыласы моңғолиялық Болортуа Бат Очирге берілді.
Айта кетерлігі, Татьяна Ахметова Аманжол әйелдер күресінен Қазақстан құрамасына Токио Олимпиадасының жолдамасын алып келген болатын. Азия іріктеу турнирінде жолдама финалға шыққан спортшыларға беріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресейде Жамбылға арналған кітап көрмесі ашылды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы