Азия даму банкі Қазақстанға 1 млрд доллар бөледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азия даму банкі елімізге коронавирус індетінің өршуіне байланысты туындаған экономикалық мәселелерді шешу үшін 1 миллиард доллар бөледі, деп хабарлады "Хабар24".

Бұл банк Қазақстанның маңызды әріптесі болып табылады. Бұл қаражат есебінен инфекция таралуын тоқтатуға бағытталған шаралар жүзеге асырылады. Мәселен, медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеріп, оларды сақтану құрал-жабдықтарымен қамту көзделген.

Сондай-ақ Азия даму банкі Қазақстанмен бірлесіп, мемлекеттік басқару, шағын бизнесті қолдау мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар атқармақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы