Отандық боксшылар әлі басталмаған Азия чемпионатында екі медаль еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Қазақстан құрамасы Таиландта өтетін Азия чемпионаты басталмай тұрып екі медальға қол жеткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

Жеребе қорытындысы бойынша, екі боксшымыз турнирді жартылай финалдан бастайды. Демек, олардың еншісінде кем дегенде қола медаль бар.

Әлі басталмаған турнирдің жүлдегері атағын Фариза Шолтай мен Ләззат Күнгейбаева еншіледі: екеуі де алғашқы кездесуінде жеңіліп қалса да, Қазақстанға жүлдемен оралады.

Жеребе қазақстандықтар боксшылардың алдағы чемпионаттағы қарсыласын нақтылап берді:

48 келіге дейін (20 сәуірде кешкі сессияда) - 1/8 финал

Алуа Балқыбекова - Чорон Бак (Корея)

51 келіге дейін (21 сәуірде күндізгі сессияда) - 1/8 финал

Назым Қызайбай - Ферангиз Хошимова (Өзбекстан)

54 келіге дейін (20 сәуірде күндізгі сессияда) - 1/8 финал

Дина Жоламан - Фахима Алфаки (БАӘ)

57 келіге дейін (19 сәуірде кешкі сессияда) - 1/8 финал

Сәния Сұлтанқызы - Мижгона Самадова (Тәжікстан)

60 келіге дейін (21 сәуірде кешкі сессияда) - 1/8 финал

Римма Волосенко - Нур Сабрина Бинте Мох Файзал (Сингапур)

64 келіге дейін (19 сәуірде кешкі сессияда) - 1/8 финал

Милана Сафронова - Идимох Холова (Тәжікстан)

69 келіге дейін (22 сәуірде күндізгі сессияда) - 1/4 финал

Дариға Шәкімова - Эрденетуйя Енхбаатар (Моңғолия)

75 келіге дейін (23 сәуірде күндізгі сессияда) - 1/4 финал

Ақерке Бақытжан - Киан Ли (Қытай)

81 келіге дейін (25 сәуірде күндізгі сессияда) - 1/2 финал

Фариза Шолтай - Пооха Рани (Үндістан)

81 келіден жоғары (25 сәуірде кешкі сессияда) - 1/2 финал

Ләззат Күнгейбаева - Ксяоли Ян (Қытай)/Сима Поониа (Үндістан)

Айта кетейік, бокстан Азия чемпионаты бүгін, 19 сәуірде басталады. Ал финал жекпе-жектері 26 сәуірде өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы