Алматыда пауэрлифтингтен Азия чемпионаты өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Классикалық пауэрлифтингтен өтіп жатқан Азия чемпионатына балалардан бастап ардагерлерге дейін қатысып жатыр.

Жарысқа бозбалалар мен қыздар, ересектер және ардагерлер қатысып жатыр. Жарыстың бірінші күнінде үш қызымыз жеңіске жеткен.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықаралық сайысқа Азияның 21 елінен 300-ден астам спортшы келген. Бапкер, төреші, ресми тұлғалар саны 100-ден асады. 


Осы шараны өткізуге қолдау көрсеткен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, Алматы қаласы әкімшілігіне алғыс айтамыз. Кеше жарыстың алғашқы күні әр салмақ дәрежесінде қыздарымыз 3 алтын медальды жеңіп алды. Жалпы командалық есепте бірінші орын аламыз деген ойдамыз және алдымызға сондай мақсат қойып отырмыз. Спортшыларымыздың дайындығы жоғары, - дейді Халықаралық дәрежедегі төреші Тұрар Тенелов. 

Оның айтуынша, 1984 жылы спорттың осы түрінен Азия федерациясы құрылған, кейін Қазақстан Пауэрлифтинг федерациясы жасақталған. 


Қазір Азияда еліміз алдыңғы қатарда. Әлем бойынша 2-3 орыннан көрініп жүрміз. Сондықтан, спорттың бұл түрі бізде жақсы дамыған деп айтуға болады. Қостанай қаласында іріктеу сайысы өтті, сол жерде үздік шыққандар осы чемпионатта өнер көрсетіп жатыр. Бұл биылғы жылда соңғы жарыс. Келесі жылдың басынан бастап жаңа жарыстарға дайындықты бастаймыз, - дейді ол. 

Сайысқа қатысушылар зілтемірді иыққа қойып отырып тұру, жатып көтеру және жерден тік көтеру сияқты үш түрінен жарысып жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы