Азия чемпионаты: Смайыл Дүйсебай таеквондодан күміс жүлде иеленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық таеквондошы Смайыл Дүйсебай Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Ливанда таеквондодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының мүшесі Смайыл Дүйсебай ел қоржынына күміс жүлде әкелді. 87 келіде сынға түскен ол финалда Оңтүстік Корея өкіліне 8:10 есебімен жол берді.

Сондай-ақ 54 келіде Самат Темірхан қола жүлдеге ие болды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы