Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті
Астанада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында әйелдер арасында биіктікке секіруден жарыс аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жарыс бойынша тұғырдың барлығын Қазақстан өкілдері иеленді.
Мұндай жағдай құрлықтық дода тарихында алғаш рет тіркелді.
Биіктікке секіруде медальдардың барлық үш жиынтығын жеңіп алған қазақстандық қыздар: «Алтынды» Надежда Дубовицкая (көрсеткіші - 1.89), «күмісті» Кристина Овчинникова (1.89), «қоланы» Елизавета Матвеева (1.84 сантиметр) иеленді.
Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жыл басынан бері Жамбыл облысында 57 өрт тіркелді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы